• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:35:02
Алматы
+8°

29 қазанда Сеулдегі Хэллоуин кезінде қаза болған Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәдина Шерниязова Сеул университетінің магистратурасында оқып жүрген деп жазады Азаттық радиосы.

Ол Хэллоуин мерекесіне бара жатып, әпкесіне видеобайланыспен хабарласқан. Достарымен бірге бара жатқанын, мерекелік көңіл-күйлерін көрсеткен.

26 жастағы Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. Татарстан астанасы Қазан федералды университетінің шығыстану факультетін корей тілі бойынша бітіріп, Сеул қаласындағы жоғары оқу орындардың біріне магистратураға түскен.

№27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева Мәдина Шерниязованы бала кезінен тіл үйренуге бейім болды деп сипаттайды.

– Мектебіміздің 2013 жылғы түлегі еді. Өте жақсы оқыды, тіл үйренуге бейім болды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпты бітірді. Сонан соң Қазан университетіне түсті, – дейді ол.

Ақтөбедегі таныстарының сөзіне қарағанда, Мәдина отбасындағы екі қыздың кішісі. Сегізінші сыныптан корей тілін оқыған.

Сеулдегі Хэллоуин кезінде Ақтөбе облысында туған 1996 жылғы Қазақстан азаматы да қаза болғанын кеше Қазақстан сыртқы істер министрлігі Телеграм-арнасында хабарлаған.

"Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, құжаттарды рәсімдеу мен мәйітті Қазақстанға жеткізу бойынша қажетті көмек көрсетіп жатыр" деп жазылған хабарламада.

Қазақстан СІМ-іне ақпаратты Сеул полициясының жедел штабы хабар берген. Бұған дейін оқиғадан қаза болған 151 адамның 19-ы шетелдік екені хабарланған еді.

Хэллоуинді тойлау Гамильтон қонақ үйі маңындағы тар көшелердің бірінде болған. Адамдардың сығылысып, бір-бірін таптап кетуіне не түрткі болғаны белгісіз.

Ауданға шамамен 100 мың адам жиналған деп айтылады. Басым бөлігі 20-25-тегі жастар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір