• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:28:43
Алматы
+35°

Қытайда тұратын этникалық қазақ Риза Әлімжанқызы 27 мәрте өткізілген телевизия саласындағы Feitian Award мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Бұл туралы қытайлық The Paper ақпарат агенттігі. хабарлаған.

Актирисаға сыйлық "Шань Хай Цин" фильміндегі рөлі үшін берілген.
 
Риза сахнаға шаққанда көзіне жас алып, ұйымдастыру комитетіне, достары мен көрерменге, фильм режиссері мен түсірілім командасына алғыс айтқан.
 
Сондай-ақ басылым Риза қазақ тілінде алғыс білдіргісі келетінін айтты деп жазады. Алайда актрисаның сыйлық алған сәттегі сөзінде қазақша сөйлеген жері жоқ, қиып тастағанға ұқсайды.
 
Информбюро сайтының мәліметінше, Риза Әлімжанқызы "Суайттар шайқасы", "Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі", "Махаббат па, оған мен дайын", "Махаббат бұйрықтан аса алмайды", "Біз ғана білетін мекен", "Шындық айтылмайтын аймақ", "Қарлы даладағы әйел патша", "Қуғындау" телефильмдері мен телехикаяларына түскен. Олардың ішінде "Қуғындау" филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде "БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса" номинациясында марапатталса, "Чаңандағы бір тәулік" атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең "үздік актриса" атанған.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Риза Әлімжанқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір