• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:18:03
Алматы
+35°

Сауд Арабиясының билігі Иранның ықтималды шабуылы туралы барлау қызметтерінің ақпаратын АҚШ-қа тапсырды.  Енді Таяу Шығыстағы америкалық және басқа да күштер шабуылды тойтаруға дайындалып жатыр, деп хабарлады The Wall Street Journal.һ басылымы.

Сауд Арабиясы билігінің хабарлауынша, Иран билігі елде болып жатқан жаппай наразылықтардан назарды басқа жаққа аудару үшін осындай әрекетке бармақ. Қыркүйек айында мемлекеттік киім үлгісін бұзған 22 жастағы ирандық бойжеткен Махса Амини полиция азаптауынан қаза тапқан. Бұл ел ішінде халық наразылығын тудырған. Наразылықты басу кезінде Иран полициясы қару қолданып, 200-ден астам адам қаза болған, мыңнан астам адам ұсталған.

Ал Иран билігі бұған дейін Сауд Арабиясы, АҚШ және Израильді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы наразылық тудыруға және ел саясатына араласты деп ашық түрде айыптаған болатын. 

"Бұл біздің соңғы ескертуіміз, өйткені сендер біздің ішкі ісімізге БАҚ арқылы араласып отырсыңдар" деген Иранның корпус қолбасшысы, генерал-майор Хоссейн Салами.

"Қазір Сауд Арабиясы, АҚШ және тағы бірнеше көршілес мемлекеттер қарулы күштерінің дайындығын арттырды. Сауд Арабиясы мен АҚШ шенеуніктерінің мәлімдемелері бойынша, Иран тек Сауд Арабиясына ғана емес, Ирактың Эрбил қаласына да шабуыл жасауға дайындалып жатыр", деп жазған басылым. 

Иран билігі Құм қаласындағы мешіттің үстіне қызыл жалау көтерді. Бұл кектің, жазаның белгісі болып саналады. Қызыл жалау соңғы рет 2020 жылы Иранның бас қолбасшысы  Касем Сүлейманидің қазасы кезінде көтерілген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір