• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:13:28
Алматы
+12°

Фото: ашық дереккөз

Студенттік шақ қай адамның болмасын жылы естелігі. Жастық шақтың жалынды кезі, өмір мектебінің алғашқы баспалдағы да осы кез. Ал, сол студенттік шақты ерекше ете түсетін жатақханадағы өмір. Біз үшін ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінің 15 студенттер үйінің алар орны ерекше. Талай тәтті естеліктердің мекені, бақыт пен шаттыққа толы қара шаңырақ. Алайда, сол жатақханаға көрік беріп, студенттерді белсенді өмірге жетелейтін бір ұйым бар. Ол – Студенттік кеңес ұйымы.
Жатақхана тынысының айнасы, тыныштығы мен тазалығының кепілі осы ұйым. Жат қалаға жан-жақтан келген барша студентті жаңа үйіне қабылдап, жатақхана өмірімен таныстыратын да осы ұйым. Қарт ҚазҰУ-дың өзін-өзі басқару жүйесінің арқасында, бұл ұйымды құрайтын да студенттер. Ұйым төрағасы және оның командасы жатақхана өмірінің қайнаған қазанында жүреді. Осы тұста ұйым мен жатақхана бірлігі Студенттік Кеңес ұйымының төрағасына тікелей байланысты. Жыл сайын ұйым төрағасы ауысып отырады. Әр төраға өз жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ұйымға өз үлесін қосады, оны жаңа деңгейге көтереді. Биыл 2 курс студенті атанып, осы ұйымның белсенді мүшесі ретінде, орын тапсыру салтанатын ұйымдастыру және куәгері болу бізге де бұйырыпты.
Студенттік Кеңес ұйымының төрағалық қызметін атқарған 4-курс студенті Айтуған Бибігүл, өз қызметін 2- курс студенті Нұрланқызы Аяулымға тапсырды.Сол орын тапсыру сәтіне орай Журналистика факультетінің Студенттік Кеңес ұйымы “Sagan Senem” атты кеш ұйымдастырды. Бұл әр төраға орын тапсыратын кезде ұйымдастырылатын кеш. Алайда, бұл жолғы кеш өз жаңашылдығымен ерекшелене түсті. Жалынды ҚазҰУ жастарының басын бір ортаға тоғыстырып керемет концерттік бағдарламаның куәгері етті. Ұйым белсенділері дайындаған кештің жоғарғы деңгейде өткенін, кеш қонақтарының құрмет-қошеметінен-ақ білуге болады.ЖСК мүшелерінен бөлек,экс төрағалар да кеш қонақтарының қатарын толықтырды.Шараның дәл бұлай аталуының да өзіндік мәні бар. Бұндай атаумен өз орнын тапсырған Бибігүл әпкеміз, Аяулымға бұл ұйымды нық сеніммен тапсыратынын жеткізген. Әуезді ән, қызықты қойылым, тәтті естеліктерге толы болған кеш әр көрерменнің есінде ұзаққа дейін сақталары сөзсіз.
Біреулер үшін жәй ғана концерттік кеш болып көрінген бұл шараның ұйым мүшелері үшін алатын орны ерекше.Бұл ұйым үшін жаңа саты. Әпке, ағасына айналған төрағасымен қоштасу.Жаңа төраға, жаңа бастама, жаңа тарих. Алайда, жүректегі жылы естеліктер ешқашан жоғалар емес.Барлығы жүрегімнің түбіндегі ең жарқын естеліктер деген тарауда сақталмақ. Артылған сенімнің жүгі ауыр. Бірақ, сенімді ақтайтынымызға сенімдімін. Мен СС-қа сенемін.


Еркежан Сейдахмет

Жетекшілері Кутпанбаева Ж.Б.

                        Жетпісбаева М.С.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір