• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:14:14
Алматы
+12°

Белгілі кәсіпкер, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нұркен Асанов қазіргі қоғамдағы ата-ана мен бала арасындағы ең өзекті мәселелерді көтерді. Бұл туралы ол «Ракурс» бағдарламасында айтып, барша қазақстандық ата-анаға үндеу жолдады. 

«Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар бірлестігінің миссиясы саналы ата-ананың құшағында сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандағы әр ата-ананың жанайқайын естіп, көппен бірлесе шешу. Баланы негізінен алдымен ата-ана, сосын дос-құрбысы, ұстазы, одан кейін қоғам тәрбиелейді. Ал бүгінде бұл тізбек керісінше. Алдымен қоғам тәрбиелеп жатыр. Сосын бар жауапкершілік пен міндетті ұстаздың мойнына асып қойғанбыз. Біреу кінәлі болса ұстаз кінәлі дейміз. Ал кінәні өзімізден еш іздемейміз. Солай балаға ата-ананың тәрбиесі ең соңғы орында, не мүлдем жоқ. Бүгінде баланы емес, сондай ата-аналардың өздерін тәрбиелеу керек» деді ол. 

Cонымен қатар Нұркен Асанов бүгінгі күннің басты міндеті бала тәрбиесімен айналысу ғана емес, қоғамның ой-санасын өзгертіп, бір күндік емес мыңжылдық болашақтың қамын ойлау керектігі туралы айтып өтті.

«Менікі ой айту емес, ояту! Әрбір ата-ананың санасын ояту. Саналы ата-ана болуға үндеу. Саналы дегеніміз – мінсіз болу деген сөз емес. Мін бәрінде болады. Саналы ата-ана болу деген – жауапкершілікті сезіну. Ұлды салиқалы ұрпақ өрбітуге, қызды өрісіңді кеңейтіп саналы ұрпақты тәрбиелеуге үндей білуіміз керек. Заман озып, мұхиттардың түбін шарлап, ғарышқа сапар шексек те, ұлағатты ұрпақ өсіру бар дәуірдің басты міндеті екенін ұмытпайық» деді белгілі кәсіпкер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір