• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:14:16
Алматы
+8°

Абай облысында Тарбағатай ауданында туған 26 жастағы ер адам 12 жыл бойы құлдықта өмір сүріп келген. Ол осы уақыт аралығында 11 шаруашылықта жұмыс істеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпарат ресурсы хабарлады.

Жарма ауданы Шар қаласы полиция басқармасына шаруа қожалықтардың бірінің басшысы қоңырау шалып, жаңа жұмысшы жалдағанын айтқан. Полиция қызметкерлері жұмысқа жалданған азаматтың құжаты жоғын анықтап, қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алмайтынын байқаған. Шаруақожалық иесі жаңа жұмысшысының қасынан кеткенде полицейлер оның тегін біліп алып, сол бойынша оның әпкесін табады. Артынша, әпкесі ер адамды 2010 жылдан бері таппай жүргені, жәбірленуші осы 12 жылда 11 шаруа қожалығында жұмысқа жегілгені анықталған.

Тергеу барысында психикалық ауытқуы бар жас жігітті бұрын бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны жұмыс күші ретінде пайдаланып келгені белгілі болды. Ол Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқан. Жас жігіттің ақыл-есі кем екенін байқап, өзінің жымысқы ойын жүзеге асырған.

Ол жәбірленушіні 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында жұмыс істеу үшін сатып келген. Өзін шаруақожалық иелеріне жігіттің туысымын деп таныстырған. Жігіттің жалақын өзі алып, жылдар бойы осылайша 2 миллион теңге ақшаны қалтасына басқан. Бұдан бөлек мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталған. Ал күдіктіні Жарма аудандық соты қылмыстық кодекстің 128-бабы 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және 190-баптың 1-тармағы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп тауып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адам саудасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір