• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 08:34:59
Алматы
+8°

Депутат Динара Закиева қазақстандық 6 млн 750 мың отбасының жартысына жуығына қолдау қажеттігін айтып Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың сөзінше, 1 145 100 отбасы дағдарыс жағдайында тұрып жатса, 1 592 600 отбасы өте қиын жағдайда.  

"Аталған санаттағы барлық отбасыға кешенді көмек, әлеуметтік оңалту, сүйемелдеу, жұмысқа орналасуға көмек көрсету, құжаттандыру, жәрдемақылар, төлемдер, АӘК және басқа да қызметтер қажет. Сондықтан барлық қызметті бір терезеде алуды қамтамасыз ету үшін еліміздің әр ауданында инфрақұрылым, атап айтқанда, Отбасын қолдау орталықтарын құру қажет. Қазір елде 220 ауданға тек 47 Отбасын қолдау орталығы бар. Мысалы, Түркістан облысында 14 аудан мен үш қала, 2 миллионнан астам халық бар. 330 мың отбасы төтенше қиын және дағдарысты өмірлік жағдайда тұрады, облыста зорлық-зомбылық деңгейі де жоғары. Облыс бойынша тек екі дағдарыс орталығы бар, бір Отбасын қолдау орталығы енді ашылып жатыр. Үшеуі де Түркістан қаласында орналасқан. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасының, балалы әйелдің шалғайда жатқан ауылдан орталық іздеп жүздеген километр жүріп баратын не күші, не қаржылық мүмкіндігі жоқ. Республиканың басқа өңірлері бойынша да осындай жағдай. Өкінішке қарай отбасылардың әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуі және оларға уақтылы көмек көрсету мүмкіндігінің болмауы көп жағдайда қайғылы салдарға әкеліп жүр. Мұндай мысалдар бізде жеткілікті" делінген депутаттың сауалда.

Динара Закиеваның айтуынша, ашылуы 2022 жылға жоспарланған 45 орталықтың бүгінде 21-і ашылған, тағы 19 орталық жылдың соңына дейін ашылмақ.

"2023-2025 жылдар аралығында тағы 158 орталық ашу қажет. Бұл жергілікті бюджеттер есебінен болжанған еді. Алайда аталған орталықтарды ашу үшін өңірлерде қаражат жоқ. Осыған байланысты осындай әлеуметтік маңызы бар бағытты толыққанды іске асыру үшін 2023-2025 жылдары орталықтар құруға орталықтандырылған қаржыландыруды қарастыруды сұраймыз" дейді депутат.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әлеуметтік сала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір