• USD 472.17

  • EUR 495.5

  • RUB 7.57

  • CNY 67.74

09 Желтоқсан, 12:09:16
Алматы
-8°
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 4,5 млн теңге пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сот оның сәбиі барынескеріп, жазаны өтеуді үш жылға шегерді.

Бұдан бөлек Хаменованы "Құрмет" орденінен айыратын болды, тиістіөтініш президентке жолданған.

Хаменованың сыбайласы делінген өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 7 жылға, лауазымды тұлғаларға пара берген "Балқыту" ЖШС-нің директоры Өмірбек Адамов 4 жылға сотталды.

Экс-шенеуніктер Атырауда Абай ескеркішін орнатату үшін Балқыту" ЖШС-мен келісім-шарт жасасу үшін 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен өткен жылдың желтоқсанында ұсталған.

Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады, сот үкіміне шағым түсірмек. "Шындыққа жетпей тоқтамаймын" деген ол Жоғарғы сот, Халықаралық соттарға дейін баруға бел шешіп отыр.

Бақытгүл Хаменова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа мадақ айтқаннан кейін қызметте өсіп, мәжіліс депутаты қызметін атқарған. Ол Назарбаевты ерекше құрметтейтінін сот залында да жеткізген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Хаменова ісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір