• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:54:53
Алматы
+35°
18 қарашадан бастап Қазақстандағы McDonald's-тың барлық мейрамханасы жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлады компанияның ресми сайты.
 
Компания мамандары тауар жеткізу жағынан шектеулер шыға бастағанын, сол себепті барлық мейрамхананың жұмысын уақытша тоқтатуға тура келетінін айтып отыр.
 
"Компания жұмысты тезірек қалпына келтіру үшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімі туралы кейінірек хабарланады", - делінген ресми хабарламада.
 
"Food Solutions KZ" ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып саналады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында компанияның 24 мейрамханасы бар және оларда 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: McDonald's Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір