• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:29:59
Алматы
+35°

Қазан айында бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы бір айда 6,3%, бір жылда 14,8% қымбаттаған. Бұл туралы Еnergyprom порталы хабарлады.

Соңғы айдағы ең жоғары ққымбатшылық Ұлытау облысында тіркелген. Ол жерде жұмыртқа бір айда бірден 19,8 пайызға өскен. Одан кейін Павлодар (14,7% қымбаттады) және Қызылорда (13,6% қымбаттады) облыстары. Бағаның ең аз өсімі Алматы облысында тіркелді (0,4%). 20 облыстың ішінде баға ай сайынғы динамика бойынша тек Алматыда өзгерген жоқ.

Жылдық динамика бойынша жұмыртқа Қызылорда облысында 52,2%, Қостанай облысында 34,1%, Батыс Қазақстан облысында 32,5%-ға қымбаттаған. Бұл ретте баға Алматыда, керісінше, 4%, Жетісу облысында 0,4% төмендеген. 

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында елде жұмыртқа өндірісі 3,8 млрд дананы құрады, бұл – бір жыл бұрынғыдан 5,3% артық.

Өңірлер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр: өндіріс 40,7% көбейіп 559,9 млн данаға жетті. Одан кейін Ақмола (555,5 млн жұмыртқа, 7,4% азайған) және Қарағанды (472,9 млн жұмыртқа, 2% азайған) облыстары тұр.

Биылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар сұранысты 96,3 пайызға қамтамасыз еткен. Импорт тиісінше ресурстардың 3,7%-ын құраған. Жыл басынан бері елге 130,8 млн дана жұмыртқа әкелінген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қымбатшылық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір