20 Қараша, 2022 NEWS
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Абай облысында Президенттік сайлау жалғасуда. Таңертең тұрғындар сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасауда. Денсаулығына байланысты немесе басқа себептермен сайлау учаскесіне өз бетінше келе алмайтын азаматтар үйде дауыс бере алады.
«Сайлауға өз бетімен келе алмайтындар үшін біз сайлау жәшіктері мен бюллетеньдерді үйлерге апарамыз. Аға буын арасында дауыс бергісі келетіндердің көп болғаны бізді қуантады. Бұл жастар үшін жақсы үлгі», - дейді №269 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Жанна Төленова.
Бүгін үйден шықпай-ақ өз таңдауын жасағандардың бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Асқар Рахымбаев болды.
«Мен сайлауға бірінші жыл қатысып отырған жоқпын. Бұл бүкіл ел үшін өте маңызды қадам. Бүгін біз тарихтың барысына әсер ететін таңдау жасаймыз», - дейді ардагер.
Асқар Рахымбаев 1926 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында тракторшы болып жұмыс істеді. 1941 жылы Ақсуат аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылды. Шығыс майданда 378 әскери бөлімінде атқыштар полкінің құрамында соғысқан.
Румыния, Брашев және Мишельді фашистік Германиядан азат ету үшін шайқастарға қатысты.
Жауынгерлік еңбегі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір