• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:12:02
Алматы
+12°

ҚР Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады.

ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,44 пайызы қатысқан.

 

«Сонымен, нақтыланған сайлаушылар тізімдеріне сай, жалпы сайлаушылар саны 11 млн 953 мың 465 адамды құрады. Оның 8 млн 300 мың 46 адамы немесе 69,44 пайызы дауыс беруге арналған бюллетендерді алды. Дауыс беру күні ҚР Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенім білдірген адамдары, шетелдік халықаралық ұйымдардың 641 байқаушысы, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса байқаушысы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан аса байқаушы сайлауды бақылауды жүргізді», деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде. 

ОСК төрағасының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген.

Жигули Дайрабаевқа 271 641 немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге 206 206 немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген. 

«Бәріне қарсымын» бағанын 460 484 немесе 5,8% сайлаушы таңдаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: президент сайлауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір