Фото: Ашық дереккөз
Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.
"Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта - қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір