• USD 472.17

  • EUR 495.5

  • RUB 7.57

  • CNY 67.74

09 Желтоқсан, 11:12:49
Алматы
-8°

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының ресми қорытындысын жариялады. Оған сай, сайлауда қазіргі президент Қ.Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз даусын жинап, жеңіске жетті.

Өзге кандидаттар төмендегідей дауыс жинаған:

Қарақат Әбден – 2,6%

Нұрлан Әуесбаев – 2,22%

Жигули Дайрабаев – 3,42%

Мейрам Қажыкен – 2,53%

Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%

«Бәріне қарсымын» – 5,8%.

Сайлаудың алдын ала қорытындысында да осы сандар айтылған еді.

ОСК мәліметінше, сайлауға дауыс беруге құқылы азаматтардың 69,44 пайызы қатысқан.

Тоқаевтың жаңа сайланған президент ретінде қызметке ресми түрде кірісуіне арналған ұлықтау рәсімі 26 қарашаға белгіленіп отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір