• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:35:39
Алматы
+35°

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды.

"2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты" делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 29 мамырда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Ол "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізу, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір