23 Қараша, 2022 NEWS
Фото: © Нина Зотина, РИА "Новости"
Ресей телеарналарының бірінен көрсетілетін "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасының 20 қараша күнгі шығарылымында ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкий Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болатынын айтқан.
"Ол жақта да Украинадағыдай нацистік процестер басталуы әбден мүмкін. Ол жақта орыстар көп, Росатомға қажетті ядролық жанармай да бар" деген ол Семей мен елдің аумағы туралы сөзінің артын жеп қойды. Ол Қазақстанның кей жерлері Ресейдікі дегенді айтқысы келген болуы мүмкін. Өйткені осыған ұқсас сөздер бұған дейін Ресей депутаттары тарапынан әлденеше рет айтылған.
Қазақстан билігі мұндай даулы мәлімдемелер жекелеген адамдардың көзқарасы екенін, Ресей билігінің ұстанымын білдірмейтінін қайталаумен келеді.
Қоғам белсенділері егер Ресей Украинадағы соғыста жеңіске жетсе, Қазақстанда орыс этносының өкілдеріне қысым жасалып жатыр деген сылтаумен әскери қимылдарға баруы мүмкін екенін жиі айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір