• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:14:23
+35°

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Береке бастауыбірлікте» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

Айтулы жиын қасиетті Құран аятымен ашылып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бабалар рухына аят сауабын бағыштады. Осыдан кейін қоғамда бірлікті нығайтудың маңызы мен осы бағыт бойынша мүфтияттың атқарған жұмыстары жайлы әзірленген бейне ролик халық назарына ұсынылды.

Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, жазушы Смағұл Елубай т.б. зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы бастаған дін қызметкерлері, шәкірттер мен студенттер қатысты.

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

«Құранда«(Алла пайғамбарларын жіберуарқылы) жер бетін түзеп, жөнге келтіргеннен кейін, онда бүлік шығарып, бұзықтық жасамаңдар. Одан қорқып әрі мейірімінен үміт ете отырып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Алланың рақымы ізгі жандарға өте жақын» («Ағраф» сүресі, 56-аят) дейді.

Расында халықтар арасындағы татулық адамдар арасындағы татулықтан, бауырластықтан басталады. Бауырластық жалпы адамзаттық туысқандыққа жол ашады. Ағаштың діңі мықты болмаса, бұтағы да әлсіз болмай ма? Олай болса алдымен көзі ашық азаматтар өзара тату болуы керек. Сонда ғана адамзат татулықтың туын биік ұстайды. Себебі парасатты адамдар аурудың емін өзгелерден артық біледі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Конференцияда «Ислам – ынтымақ кепілі», «Бірлікбереке бастауы», «Құтты біліктегі тұтастық идеялогиясы» тақырыптарында зиялы қауым өкілдері баяндама жасады. Айта кетсек, игі басқосу Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының діни қызмет аясында 2022 жылды «Ислам – ынтымақпен бірлік діні» жылы деп жариялаған бастамасына орай ұйымдастырылды.

Фото: Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір