• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:58:16
Алматы
+12°

Кәсіпкер Марат Әбиев "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" және "билік өкіліне бағынбау" баптары бойынша айыпты деп танылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты кәсіпкерді 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім қабылдады. 

26 қарашада Астанада өздерін "Болашақ сәулетшілері" деп атаған белсенділер митингке шыққаны хабарланған. Сол сәтте қалада стационарлық және мобильді интернет бір сағат бойы істемеген.

Белсенділерге кәсіпкер Марат Әбиев басшылық еткен. Ол ел билігін ауыл шаруашылығын дамыту жобасын тезірек қабылдауға назар аударту үшін митинг ұйымдастырған. Мемлекеттік техникалық қызмет интернеттің өшуін "техникалық авария" деп түсіндірген. Кейіннен Астана полициясы митингке 300 адам қатысқанын, ұсталғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық білдіргенін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір