• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 16:06:37
Алматы

Жас әнші Біржан Байбол көпшілікке белгілі "Қара қыз" әніне бейнебаян түсіріп, жұртшылыққа тарту етті.

Осылайша, белгілі туынды жаңа әрлеумен қазақ эстрадасына жол тартып отыр. Ән қазақ және қырғыз тілдерінде жазылған. Бейнебаянда қазақ жігіті мен қырғыз қызының албырт сезімі баяндалады. Махаббатқа толы бейнебаян Youtube әлеуметтік желісінде екі күн ішінде 182 мыңнан астам қаралым жинаған.

Бейнебаян Аслан Қамысбай атындағы “А-ЭЛИТ PRODUCTION” продюсерлік орталығында түсірілген.  Бұл – Аслан Қамысбайдың өнерде жүрген көп жасқа қолдау білдіріп, бейнебаян түсіріп жатқан алғашқы жұмысы емес. Тіпті, өнер әлеміне енді аяқ басқан бірқатар әншінің бейнебаянын шетелде түсіруге қаржылай қолдау білдіріп жүр.

Жас әнші туынды бауырлас қырғыз-қазақ елін жалғайтын көпір.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қырғыз Қара қыз әні

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір