• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:36:34
Алматы
+35°

Қытайлық миллиардер, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма жарты жылдан бері Токиода тұрып жатыр. Бұған Қытайдағы қысым себеп болған деп жазады Financial Times.

Басылымның хабарлауынша, кәсіпкер отбасымен бірге Токио қаласының орталығында тұрады және бұрығыдай қоғамдық мәселелерге белсенді араласпайды.

Кәсіпкер қазір немен айналысып жүргені туралы түрлі ақпарат бар. Бірінде электрондық коммерциядан тыс өзінің кәсібін кеңейтіп жатқаны айтылса, енді біріндк акварель бояуларымен сурет салуды қолға алғаны хабарланған. 

Миллиардердің Қытайдан кетуіне биліктің технологиялық компанияға қысым жасауы себеп болған. 2020 жылы Шанхайда өткен конференция кезінде шенеуніктерді ашық түрде сынға алғаннан кейін кәсіпкер ел алдына сирек шыға бастаған. 

2021 жылы сәуірде Қытай нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы Alibaba Group Holding Limited компаниясына "монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін" 2,8 миллиард доллар көлемінде айыппұл салған. Осынша көп айыппұл Қытайда бұрын-соңды ешбір компанияға салынбаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір