• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 16:02:46
Алматы

26 қарашада Астанада өткен заңсыз митингіге 300-ге жуық адам жиналған. Арасында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 18 адам ұсталып, әкімшілік жазаға тартылған. Вице-министр қанша адамның босатылғанын нақтыламады. 

"Көшеге 300-ге жуық адам шықты. Бір жарым сағаттан кейін Ақордаға қарай бару туралы үндеу айтылды. Шеруде митингінің барлық дерлік белгісі болды. Біз олардың қандай талап қоятынын күткен жоқпыз. Өйткені заңсыз шеру әкімшілік құқықбұзушылыққа жатады. Сол себепті оларды тоқтатуға мәжбүр болдық" деді Лепеха мәжіліс кулуарында.

26 қараша кешкісін Астанада "Болашақтың архитекторлары" жобасын құрған бизнесмен Марат Әбиев пен оның жақтастары ұсталған. 27 қарашада Әбиев "полиция талабына бағынбағаны", "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны" үшін 15 тәулікке қамалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір