• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:17:36
Алматы
+8°

Кеше Алматыдағы Алатау дәстүрлі өнер театрында ақын, "Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының" иегері Мағиза Құнапияқызының "Өлең – сөздің патшасы" атты шығармашылық кеші өтті.

Кеш ақынның 50-ге толған мерей тойына орай өткізілген болатын.

Осы кештің мәртебелі қонақтары қатарында Ұлықбек Есдәулетов, Ақберен Елгезек, Бауыржан Жақып, Секен Тұрысбеков, Ғалым Жайлыбай, Ханбибі Есеқарақызы, Шәмшабану Қамзақызы, Сауық Жақанова, Бейбіт Орал т.б мәдениет, өнер қайраткерлері болды.

Мағиза Құнапияқызының жауһар жырларын Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенттері асқан шеберлікпен оқыса, ақынның өлеңіне жазылған әндерді күміс көмей, жезтаңдай әншілер Қажымұрат Шешенқұл, Жадыра Арыстанова, Бақытнұр Қызырбайқызы тамылжыта орындап, халықты дән риза етті.

Осы кешке еліміздің әр өңірінен сыйлы қонақтар келіп кештің мәртебесін бір көтеріп тастады.

Мағиза Құнапияқызының жұбайы Жәмали Диханұлы танымал спорт шебері болғандықтан спорт дүлдүлдерінің де қарасы мол болды. Жәмали мен Мағизаның былтыр өмірге келген ұлы Айсұңқардың тұсауын кесу салтанатымен кеш соңы ұлы дүбірлі тойға жалғасты.

Біз де Қазақтың ақын қызы Мағиза Құнапияқызына баянды бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір