• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 03:13:44
Алматы
+12°

Талдықорған Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында қаладағы орталық көшелердің бірі Назарбаевқа бұрынғы атауын қайтару туралы мәселе көтерілді. Бұл туралы Қоғамдық кеңес баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралған. Солардың қатарында Назарбаев көшесінің бұрынғы Тәуелсіздік атауын қайтару бойынша бастама көтеріліп, Жетісу облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатқа тиісті хат жолданған.

Бұған дейін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың жергілікті тұрғындармен кездесуінде белсенді азаматтар қаңтар оқиғасы кезінде құлаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің орнына ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған ескерткіш қою, Назарбаев көшесін қайтадан Тәуелсіздік деп атауды ұсынған. Әкім халық пікірі ескерілетінін мәлім еткен.

2019 жылы Н.Назарбаев өкілетін тоқтатып, мемлекет басшылығы Қ.Тоқаевқа өткен шақта Қ.Тоқаев республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының орталық көшелері мен даңғылдарына экс-президенттің атын беру туралы тапсырма берген. Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесі осылай Назарбаевқа ауыстырылды.

Ал Талдықорғандағы Назарбаев ескерткіші 2016 жылы орнатылған. Оны облыстың сол кездегі басшысы Амандық Баталов ашқан. Ал 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жұртшылық ескерткішті құлатып, соден бері оны ешкім қайта тұрғызбады.

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевқа ерекше өкілет берген Тұңғыш президент туралы заң күшін жойып, елорда атауы Нұр-Сұлтаннан Астанаға ауысты. Бұрын экс-президентті мақтаған кей адамдар қазір одан теріс айналып, саясатын сынап жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір