• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:44:32
Алматы
+35°

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3063 теңгеден 3450 теңгеге өсетініне байланысты, айыппұл мөлшері де артады. Kolesa.kz мамандары АЕК мөлшері ең жиі ұшырасатын айыппұлдар көлеміне қалай әсер ететінін есептеп көрді.

Мысалы, тұрақ ақысын төлемегені үшін салынатын ең төменгі айыппұл (3 АЕК) 9189 теңгеден 10 350 теңгеге өседі. Жүргізушілер жылдамдықты 10-20 км/сағ асырғаны үшін (5 АЕК) енді 15 315 теңге емес, 17 250 теңге төлейді. Ал бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін салынатын айыппұл (10 АЕК ) 30 630-дан 34 500 теңгеге көтеріледі.

Көлікті бастапқы тіркеу ақысының ең төмені (0.25 АЕК) 765.75-тен 862.5 теңгеге, ал ең жоғарысы (500 АЕК) 1 531 500-ден 1 725 000 теңгеге дейін жоғарылайды.

Қозғалтқыш көлемі 1000 см³-ге дейінгі жеңіл көлік үшін утиль алымының мөлшері 229 725 теңгеден 258 750 теңгеге, ал қозғалтқыш көлемі 3001 см³-ден жоғары жеңіл машина үшін 1 761 225 теңгеден 1 983 750 теңгеге өседі.

Қозғалтқыш көлемі 1100 см³-ге дейінгі М1 санатындағы машинадан алынатын ең төменгі көлік салығы (1 АЕК) 3063 теңгеден 3450 теңгеге өседі. Ал көлемі бес литрден асатын машина үшін (200 АЕК) 612 600 емес, 690 000 теңге салық төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап сақтандыру полисінің құны артады, себебі базалық сақтандыру сыйақысы (1.9 АЕК) 5819.7 теңгеден 6555 теңгеге жоғарылайды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: айыппұл көлік салығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір