• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 18:30:03
Алматы

Президент Қ.Тоқаев шетелден кіргізілген көліктерді заңдастыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын сынады. 

– Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз. Мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек, – деді ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.

1 қыркүйекке дейін елге кіргізілген көліктерді заңдастыру шарттары мен процедурасы әлі күнге дейін айқын емес. Кей деректерде елге аталған мерзімге дейін 350 мың көлік кіргізілген делінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір