• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:01:14
Алматы
+8°

Президент Қ.Тоқаев елде қойма инфрақұрылымының кенжелеуі азық-түлік бағасына әсер етіп отырған себептердің бірі екенін айтты. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында жеткізді.

– Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды. Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті, олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр, – деген президент былтыр 83 мың тонна өнім сақтайтын қойма салу көзделгенін, алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалғанын атап өтті.

Ал биыл жұмыс біршама жандана түскен. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: азық-түлік бағасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір