• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:41:56
Алматы
+35°

Көктал-1 тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пункттер шкафтары штаттық режимде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының келісілмеген жер жұмыстарын жүргізуіне байланысты орташа қысымды газ құбыры зақымданғаннан кейін тоқтатылды. 

Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Көктал Астана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір