12 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада 110 орындық студенттер үйі пайдалануға берілді. Астанадағы менеджмент, бизнес және білім колледжі өз студенттерін жатақханамен қамтамасыз етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Студенттер үйі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде жүзеге асқан. Жеке меншік оқу орны ғимаратты өз қаражаты есебінен салған. Енді оның шығындарын мемлекет өтеп береді. Астанаға арман қуып келген жастың бірі Олжас Токуш. Ол менеджмент, бизнес және білім колледжінің екінші курс студенті. Жаңа жатақханаға орналасқалы, сабаққа уақытылы барып келетінін айтады.
Өйткені студенттер үйі оқу ордасының аумағында орналасқан. Олжас Токуш, студент - Колледж бізге барлық ыңғай жасады. Мынандай жатақхана салдырып орналастық. Жиһаз бәрі жаңа, ас үйдегі бәрі жаңа алынған. Тәрбиеші де жақсы адам, тез тәл табысып кеттік.
Жаңа жатақхананың ішінде студенттерге барлық жағдай жасалған. Төсек-орын, ыдыс-аяқтың бәрі жаңа. Ішінде демалыс бөлмесі, ас үй, спорт залы, медициналық пункт те бар. Шәкірттердің қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.
Қасымхан Сенғазыев, қалалық білім басқармасының басшысы:
– Бұл колледж жеке меншік. Бізді қуантатыны бұл осы колледждің өзі салып жатқан жатақханасы. Бұған дейін бұл колледжде жатақхана болған жоқ. Жалға алып, хостелдерде балалар тұрып жаттыр. Колледждің территориясында орналасқан. Ол да жақсы. Осы жерден шығып сабақтарына бара береді. Жалпы Астанада 34 колледж бар. Онда 32 мыңға жуық студент білім алады. Ал жатақхана мәселесі әлі де өзекті. Өйткені қазір бір мыңнан астам колледж студенті жатақханаға мұқтаж. Жергілікті билік бұл мәселенің жақында шешімін табатынын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір