14 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Qamshy.kz
Статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы III тоқсанда елдегі кедейлік деңгейі 5,3 пайызды құраған.
Ал 5 және одан да көп адамнан тұратын жанұялар арасындағы кедейлік 9,3%-ға жеткен. Бұл – жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Кедей отбасылар көбіне Түркістан (9,1%), Маңғыстау (8,8%) облыстарында және Шымкент (7,2%) қаласында тұрады.
Кедейлік шегіне іліккен отбасыдағы әр адам айына 46 671 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен ақшаға күн көреді деген сөз.
Қаржыгер Жасұлан Кушебаевтың айтуынша, кедейлікті анықтаудағы Қазақстан қолданатын тәсіл кедейлік шегін төмендетіп көрсетеді, халықаралық стандартқа келмейді.
– Әлемдік банк стандарты бойынша азамат күніне 5,5 доллардан аз ақша жарататын болса, онда кедей болып саналады. Теңгемен бұл күніне 2300 теңге, айына 70 мың теңге. Бұл есепке сай, жалақысы 70 мың теңгеден аз қазақстандықтар кедейшілікте өмір сүріп жатқан болып саналады. Яғни, елде 2 миллионнан астам адам кедей деген сөз. Ал бізде күніне 1,9 доллардан аз жұмсайтындар ғана кедекшілік шегіне жатқызылады. Мұндай методикамен әрине Қазақстанда кедейлер саны аз болып шығады. Біз өзіміз мақсат етіп отырған озық отыздыққа кіргіміз келсе, бұл методиканы өзгеруіміз керек, – дейді сарапшы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір