• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:19:59
Алматы
+12°

Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында 9-сыныптың екі оқушысы бір уақытта суицид жасады, деп хабарлады Abainewskz Telegram арнасы. Дәрігерлер оқушылардың бірін құтқарып қалса, 15 жастағы Айқын есімді бала қаза тапқан.

Айқынның сыныптастары қайғылы оқиғаға 11 сынып оқушыларының жасөспірімді бірнеше рет ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсетуі себеп болуы мүмкін екенін айтып отыр. Сөздерінше, мұғалімдер мен мектеп басшылығы жоғары сынып оқушыларының бұл әрекетінен хабардар болған. Алайда артық шу шығармас үшін оқиғаны жасыруға тырысқан.

Оқиғадан бір күн бұрын жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларын соққыға жыққан. Төбелес кезінде 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен. Келесі күні 9-сыныптың екі оқушысы мектепке барудан өлімді артық көріп, ойларын іске асырмақ болады. Екі бозбаланың бірі қыршынынан қиылды.

Айқынның туыстары оның тәрбиелі бала болғанын, жақсы оқығанын, қызыл аттестат пен алтын белгіге үміткер болғанын айтып отыр. Ата-аналар кінәлілерді заңның барлық қатаң түрімен жазалауды сұрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір