• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:52:45
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кулуарда тұңғыш президент туралы заңның күшін жою жөнінде пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылса, онда аталған заңда қарастырылған бүкіл иммунитет (Назарбаевтың) жойылады. Күшінде болмайды", - деді Ерлан Қошанов.

Еске сала кетсек, Мәжіліс бүгін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасын қарауға алған еді.

Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленген

Атап айтатын болсақ, 8 маусымдағы Заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.

Осыған байланысты, бұл заң жобасымен құқықтық негіздің жоқтығын ескере отырып, тиісті Конституциялық заңның күшін жою көзделеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір