• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:31:19
Алматы
+35°

Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.

БАҚ беттерінде бірлескен отырыста Елбасы туралы конституциялық заңның күшін жою туралы заң жобасы талқыланатыны айтылуда. Кеше Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп танылғаны жөнінде қаулы қабылдаған.

Сондай-ақ бұған дейін мәжіліс келесі аптада мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін екені жөнінде ақпарат шыққан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір