13 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресейде президент сайлауына дайындық басталды. Бұл туралы ресейлік Комерсант басылымы хабарлады. Басылым деректі президент әкімшілігінен алғанын жазған.
Басылым дерегінше, президент сайлауына қазіргі президент Владимир Путин де қатысады.
"Жақында әкімшілік өкілдері сарапшылар қауымдастығымен ақылдасып, жиын өткізді. Федерация мерзімінен бұрын сайлауды 2023 жылдың соңында өткізуі мүмкін. Оған дейін Кремль биыл өтетін аймақтық сайлауды мұқият қадағалайтын болады", – делінген дереккөзде.
Негізі мерзім бойынша Ресейдегі президент сайлауы 2024 жылдың наурыз айында өтуі керек. Ал сайлау науқаны Федерация Кеңесі ресми түрде тағайындағаннан кейін басталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір