• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 08:14:15
Алматы
+8°

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына айрықша құзыреттер мен кепілдіктер беріп келген Елбасы туралы заңның күшін жою туралы заң жобасын мақұлдады. Алайда бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерін ғана иммунитеттен айырады. Ал экс-президенттің өзі Президент туралы заңның бұрынғы президенттер жайлы VI тарауына сай көптеген кепілдіктерге ие.

Мәселен, экс-президентке, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiм тиiсуiне болмайды. Экс-президенттің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады.

Назарбаев мемлекет есебінен пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушi және дербес автомобильмен қамтамасыз етіледі.

Ел iшiнде тегiн жүрiп-тұрып, медициналық, санаторий-курорттық жерлерде тегін емделеді.

Президент жалақысының 80 пайызы мөлшерінде зейнетақы алады. Әрі ол президент жалақысы өскен сайын, арттырылып отырады.

Президент болып тұрған тұстағы жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары өз меншігінде болады.

Назарбаев президент кезінде қабылдаған шешемдері мен жасаған әрекет үшін жауап бермейдi. Экс-президентті тек мемлекетке опасыздық жасады деп танылған жағдайда ғана жауапқа тартуға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір