• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:19:13
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын  сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері шықты, деп хабарлайды ОСК.

Астанада Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай 62,1 пайыз дауыс жинады.

Алматыда "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова 62,2 пайыз дауыс жинады.

Шымкентте 76,7 пайыз дауыс жинап, қазіргі сенатор Нұрлан Бекназаров жеңіске жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, Абай ауданыбойынша депутат болып Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев сайланды. Ол сайлаушылардың 82,4 пайыз дауысын жинады.

Алматы облысында сенатор Жанболат Жөргенбаев 83,2 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Атырау облысында Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Әлібек Нәутиев 68,6 пайыз дауыс жинады.

Батыс Қазақстан облысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов 74,7 пайыз дауыс жинады.

Жетісу өңірінде қазіргі Парламент Сенаты депутаты Амангелді Толамисов 76,3 пайыз жинады.

Қарағанды ​​облысында Қарағанды ​​облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов 78,2 пайыз дауыс жинап, Сенат депутаты атанды.

Қостанай облысында Қостанай облысы әкімі аппараты Бас басқармасының бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов 83,1 пайыз дауыс жинады.

Қызылорда облысында Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов 67,4 пайыз дауыс жинады.

Маңғыстау облысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров 72 пайыз дауыс жинады.

Павлодар облысында "Павлодар облысы мәслихатының аппараты" ММ облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Әйткенов 87,1 пайыз дауыс жинады.

Солтүстік Қазақстан облысында 80,4 пайыз дауыс жинаған Білім министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова жеңіске жетті.

Ұлытау өңірінде Медебаев Советбек 61,7 пайыз дауыс жинады.

Шығыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғытов 86 пайыз дауыс жинады.

Ақтөбе облысында Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов 83,1 пайыз дауыс жинады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір