• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:14:27
Алматы
+35°

2022 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушы тасымал қызметі құны бір жылда 16,8% өскен.

Өңірлер бойынша ең көп қымбатшылық Батыс Қазақстан облысында болған. Ол жерде қызмет құны бірден 67% пайызға қымбаттаған. Одан кейін Абай (57,3% қымбаттады) және Қостанай (43,2% қымбаттады) облыстарында қызмет өсімі айтарлықтай байқалған.

20 өңірдің ішінде тек Ұлытау және Алматы облыстарында ғана баға төмендеген ( 20,8% және 3,9%).

2022 жылдың қаңтаржелтоқсан айларында әуе компаниялары 11 млн жолаушы тасымалдады, бұл – бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда тіркелді: 7,4 млн жолаушы, бір жылда 11% көбейді. Одан кейін Шымкент (3 млн жолаушы) пен Астана (562,5 мың жолаушы) тұр.

Ішкі тасымал көлемі "коронадағдарысқа" дейінгі деңгейден асып кеткен (аптасына 57 бағыт, 687 рейс).

Бүгінде аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша 30 елге халықаралық рейстер қалпына келтірілген.

Дереккөз: Ranking.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: әуе қатынасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір