• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:49:02
Алматы
+35°

Әділет министрлігі "Вкусно и точка" тауар белгісін тіркеу туралы өтінім қаралып жатқанын хабарлады, деп жазады Интерфакс

"Ресейлік" ПБО Жүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстанда "Вкусно и точка" тауар белгісін тіркеу жөніндегі өтінімі сараптама ұйымының қарауында", делінген министрліктің хабарламасында. 

Министрлік мәліметінше, өтінім бірнеше ай бойы қаралуы мүмкін.

5 қаңтарда McDonald's мейрамханалар желісі Ресейден ет өнімдерін жеткізудегі шектеулерге байланысты Қазақстандағы жұмысын тоқтататынын хабарлаған. Желі былтыр Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдегі қызметін тоқтатқан. Ал "McDonald’s" ресторандары орналасқан ғимараттарында жергілікті "Вкусно и точка" желісі ашылған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Вкусно и точка

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір