• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:24:43
Алматы
+35°

Қырғыз-қазақ шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталған қос қазақстандық белсенді Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова Бішкекте өткен сотта ақталып шықты. Бұл туралы белсенді, Тәуелсіз бақылаушылар ұйымының жетекшісі Бесжан Төлеубекұлы хабарлады.

"Бүгін 16.01.2023 жылы Асхат аға мен Диананың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқталды.
Асхат Жексебаев пен Диана Баймагамбетова-ны сот залынан бостты! Асхат пен Диананың алдағы процестеріне және Қырғыз елінде жүріп тұрғандарына қаржылай көмек көрсетейік.
Жұбайы Шара. И каспи нөмірі : 8 777 841 04 01" делінген белсенді жазбасында.
 
Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова 2021 жылы қазанда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" тіркелмеген қозғалыстарын құруға қатысты және оның ісіне араласты" деп айыпталып, Жексебаев бес жылға сотталған, Баймағамбетованың бостандығы екі жылға шектелген. Былтыр Жексебаев шартты жазамен босап шыққан.
 
Бұған дейін қос белсенді қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтіп, қамауға алынғаны, олар қырғыз билігіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір