• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 15:35:53
Алматы

Қазақстандық спортшы Данил Васильев АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында тұғырдан секіруден алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

Данил Васильев 257.3 нәтижемен үздік шыққан. Екінші және үшінші орынды Аустрияның қос спортшысы Максимиллиан Линхер (251.4) мен Тимон Кахофер (248.8) еншіледі.

Бұл – АҚШ-та өтіп жатқан қысқы ойындарда Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын емес. Бұған дейін биатлоннан Вадим Куралес жеңіске жеткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір