• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:06:29
Алматы
+35°

Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі Жанболат Мамай Ұлыбританиядан келген комиссия мүшелерімен кездесуге байланысты өтініш жасады. Алайда сот оның өтінішін қабылдамаған. Бұл туралы оның зайыбы Инга Иманбай хабарлады.

"2022 жылғы 2 қарашада сот Мамайдың бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстырған. Жанболат Мамайға жақын туыстарынан басқа адамдармен кездесіп, қарым-қатынас орнатуға тыйым салынған. Судья Елена Кван сол себептермен өтінішті қабылдаудан бас тартқан. Иә, кеше Ұлыбританиядан Кен Макдональд бастаған комиссия келді. Комиссия мүшелері 19 қаңтарда "Қаңтар" оқиғасында жәбірленушілермен, журналистермен және Жанболат Мамаймен кездесуді жоспарлаған болатын" деп жазған Инга Иманбай өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ судья Жанболат Мамай қорғаушыларының сотты офлайн форматта өткізу туралы өтінішін де қабылдамаған. 

"Жанболат өзін телефон арқылы қорғауға мәжбүр. Елімізде коронавирустың өршуі және пандемиялық ахуал байқалмайды. Ал Жанболат Мамай сотының онлайн түрде өтуіне не себеп екені ақылға қонымсыз" дейді Инга Иманбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір