• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:18:37
+8°

Ulysmedia.kz сайтына кибершабуыл жасалды. Бұл туралы журналист Вадим Борейка өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. 

"Бір сағат бұрын сайтымды бұзып, балаларымның, отбасымның және менің жеке мәліметтерім мен фотоларымды жариялап тастады. Қазір сайт істемей тұр" деген сайттың бас редакторы Самал Ибраева Борейкаға жазған хабарламасында.

Ибраева Орда, Ulysmedia және Elmedia сайттарына жарты жылдан бері шабуыл жасалып келе жатқанына ҰҚКназар аудармай отырғанына таң. 

"Олар бірнеше БАҚ-қа шабуыл жасасақ басқалары да қорқып, үнсіз қалады деген принциппен жұмыс істейтін секілді. Президенттің айтатыны басқа, оның қоластындағылардың іс-әрекеті басқа. Жаңа Қазақстан осы ма? ҰҚК қолдарына түскен балаларым жөніндегі мәліметті жариялай салды. Егер олар болмаса неліктен осындай жағдайда үнсіз қалып отыр? Сондай ҰҚК кімді қорғайды? Отбасымның басы қатерге тігілген кезде қалайша тәуелсіз БАҚ-тың жұмысын еркін жүргізе аламын? Мені, Қазақстанның азаматшасын кім қорғамақ?", деп жазды журналист өзінің фейсбук парақшасына. 

Қазақстанда соңғы уақытта тәуелсіз және билікке сыншыл бағыттағы сайттар жиі бұғатталып, редакциялар мен жекелеген журналистерге шабуыл жиілеген. Бұған дейін Азаттық радиосы, Орда сайттарының бұғатталғаны хабарланған. Елмедиа редакциясына 2 рет шабуыл жасалып, жуырда алматылық журналист Динара Егеубаеваның көлігіне өрт қойылған. Сот жүйесі, құқық саласында өткір жазатын зерттеуші журналист Михаил Козачков тергеу изоляторында қамауда отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БАҚ Самал Ибраева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір