Президент мәжілістің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы – конституциялық реформаның жалғасы әрі мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі екенін атап өтті.
– Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады, – деді президент.
Тоқаев алдағы сайлаудың заңға сәйкес өтуіне, әділ әрі ашық болуына қатаң бақылау жасалатынын, оған Орталық сайлау комиссиясы және Бас прокуратура жауапты екенін жеткізді.
♦ Экс-шенеуніктердің қайсысын депутат ретінде көргіңіз келеді? (Сауалнама)
Пікір қалдыру
пікір