• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:32:29
Алматы
+35°

Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде "Amanat"  (бұрынғы "Нұр Отан") партиясының бұрынғы баспасөз хатшысы, "Хабар24" арнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Шұғыл! Мендегі дереккөздер бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы аурухананың біріне жатқызылған. Оның жүрегіне жалпы тексеріс жасалуда. Медициналық қызметкердің айтуынша, хирургиялық ем-дом шарасы жасалуы мүмкін", делінген хабарламада. 

Ақпарат ресми түрде расталмады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрсұлтан Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір