• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 15:32:12
Алматы
 
Алматыда Қазақстанның ресми лауазым иелері елге жұмыс сапарымен келген Британ парламентарийлерімен кездесуден бас тартып, олардың Жанболат Мамаймен жолығуына рұқсат бермеуіне байланысты жиын өтті.
 
Құқыққорғаушы Инга Иманбай таратқан ақпаратқа сай, белсенді Жанболат Мамайдың не үшін қамалғанын Тексеру бойынша Британ парламентарийлерінен құрылған үкіметтік емес комиссия Қазақстанда үкіметтегі ресми өкілдермен және тергеу барысындағы куәгерлермен кездесуді жоспарлаған. Алайда 16 қаңтар күні кешке комиссияға себебі еш түсіндірілместен барлық ресми кездесулер өтпейтіні және Жанболат Мамаймен кездесуге берілген рұқсат күшін жоятыны туралы хабарлама келген.
 
 
 
 
– Бұрынырақ Қазақстанның Лондондағы Елшісі Комиссияның Қазақстанға сапарын бәрі құптайды және билік жоғары деңгейде серіктестік танытуға дайын деп бізді сендірген болатын. Біз Қазақстанға келгенімізбен, үкімет пен құқық қорғаушы орғандар басшылығымен жоспарланған кездесулерімізді, еш себебін түсіндірместен, қысқа хабарлама ғана жіберіп, болдырмай тастады. Бізді барынша мазалайтын тағы бір факт, ол ертеректе біздің Мамай мырзамен кездесуімізге рұқсат берген сот, өзінің ол шешімінен бас тартты. Мұнысы қазақ билігінің талабын орындағаны болар деп ойлаймыз. Біз бұл әрекеттерді өзімізді сыйламағандық деп санаймыз. Соған қарамастан, біз қазақ азаматтық қоғамының өкілдерімен, 2022 жылғы қаңтар оқиғасының куәгерлерімен, сонымен бірге, Мамай мырзаны қамауға алған және оның қамауда отырғаны бойынша істің куәгерлерімен кездесулерімізді жалғастырып жатырмыз және осы істер жөніндегі өзімізге қажет дәлел-дәйектер қолымызға тиіп жатыр. Қазақ билігінің мұндай әрекеттеріне қарамастан, біз өз жұмысымызды соңына дейін жеткізіп, Мамай мырзаға қатысты нақты дәлелдерге сүйене отырып жасалған тәуелсіз есебімізді дайындап шығамыз. Мен өзімізді Қазақстанда күтіп алып, билік сияқты емес, керісінше біздің тергеу-тексеру жұмысымызға барынша себін тигізген барша жанға алғысымды білдіремін, – деді комиссия төрағасы Лорд Макдональд.
 
Комиссия мүшелі 17 қаңтарда Астанада сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен, Парламенттің сыртқы істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік жөніндегі Комиссиясының төрайымы Айгүл Құспанмен, сондай-ақ, құқық қорғаушы органдардың басшыларымен кездесулер жоспарлаған. Алайда 16 қаңтар күні кешке Комиссия барлық ресми кездесулердің болмайтыны туралы хабарлама алған. Оның себептері көрсетілмеген.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір