• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:18:30
Алматы
+35°
Қарағанды қаласында екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
 
21 қаңтар күні кешкі сағат 18:51-де Щорс көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде бес литрлік газ баллоны жарылған. Соның салдарынан бірнеше пәтерге зақым келген. Ағаш төбелер мен арқалықтар ішінара опырылған.
 
"Ресми мәліметке сәйкес, газ жанған жоқ. Бірақ куәгерлердің сөзіне қарағанда, құтқарушылар келгенше оттың жалыны көрінді. Төтенше жағдай кезінде 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам зардап шекті. Екеуі де күйіп қалды. Қазіргі кезде Қарағанды ​​қаласының облыстық медициналық орталығына емделіп жатыр. Оқиға орнына 8 техника мінген 36 өрт сөндіруші барды. Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді. Түнде осы кіреберіс тұрғындарын жатақханаға орналастыруға шешім қабылданды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" делінген департамент хабарламасында.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір