• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:33:23
+12°

Қазақстандағы қорғаныс саласын реформалау, әскердің материалдық-техникалық базасын күшейту туралы жиі сөз қозғалады. Украинадағы соғыста Ресейдің танкілері дрон соққысына шыдас бермей, көп қаруы іске алғысыз болып жатқанда, әскерін Ресейге қарап түзеп, негізінен солардың қаруымен жарақтандырып отырған Қазақстан қарулы күштерінің соғыс қабілеті де белгілі бола бастады. Оған қоса әскердегі әлімжеттік жойылудың орнына асқынып тұр. Сарбаздар арасындағы суицид соңғы уақытта жиілеп кетті.

Ал бүгін осыдан бірнеше ай бұрын өзіне қол салған жас сарбаздың ісіне байланысты адам шошырлық деректер шықты. Марқұм адвокатының айтуынша, сараптама сарбаздың ауыз қуысынан, іш киімінен, футболкасынан бірнеше адамның спермасының іздері барын көрсеткен.

Қорғаушы Сержан Пралиев тергеу орындары осының өзіне көз жұма қарап отыр дейді. Бейбіт күнде баласынан айырылып отырған ата-анаға істегі мұндай деректерді есту қалай қиынға соққанын елестетудің өзі ауыр.

Қорғаныс министрлігі болса, әскердегі әлімжеттікті ұдайы жоққа шығарады. Отан қорғаушылар қазасына жауапкершілік алмақ түгілі сарбаздар өлімін әскердегі хал-ахуалмен байланыстырғысы келмейді.

Ведомствоны бүгінде генерал Руслан Жақсылықов басқарады. Ол көпшілікке әскери салдағы істерінен бұрын, қазақшаға шорқақтығымен, қазақшасын сынағандарға "өкпелесең көшіп кет" дегенімен таныс.

Ақын Айгүл Жұмаділ бұған дейін Жақсылықовты министрлікке түбегейлі реформа жасамаса да, тым болмағанда әскердегі кісі өлімін тоқтататындай шара жасай алмады деп айыптаған.

"Көшеден қуып жүріп ұстап алып, әскерге әкеткендегі тындыратындарыңыз аш-жалаңаш ұрып-соғып, одан қалды үйінен, туған-туысынан ақша сұратып, ол аз болғандай өлтіріп, ұлын күтіп отырған үйге мәйітін апарып беру ме? Әскери тәртіп қайда? Тәлім қайда? Тәрбие қайда? Одан да сол көшеде өз нандарын өздері тауып жеп, аман-сау жүре берсін. Тиіспеңіздер! Қан қақсаған қара халық баяғы! Министрлердің, депутаттардың, шенеунік, әкімдердің де балалары дәл осы әскер қатарында жүр ме, әлде? Оған қатты күмәнім бар! Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ,-деп өз балаларыңыздың қарны тоқ, ұйқысы тыныш жалғанды жалпағынан басып жүргесін де, бейбіт күнде мезгілсіз қаза болған ұлының табытын құшақтаған ананың зарын қайдан ұғасыздар сіздер?!" дейді ақын.

Әскердегі мәселелерге араласып жүрген сарапшы "Солдат аналары комитетінің" жетекшісі Зинаида Чивилева да шенді-шекпендінің баласы әскерге бармайтынын, ал қорғаныс министрлігіндегілер өз креслосы үшін ғана алаңдайтынын айтады.

Қорғаныс саласындағы былық мұнымен бітпейді. Бүгін ғана қорғаныс министрлігіне қарасты департамент басшысы ірі көлемде парамен ұсталғаны хабарланды. Министрлік мұнда да өзіне шаң жуытпай, күдікті ұсталғанға дейін министрліктен қызметтен шығып кеткенін хабарлады. Тізесі әбден шыққан кейінгі датамен жұмыстан шығарып жіберу әдісі бұл жерде де қолданылған сыңайлы.

Қорғаныс саласына басшы болған тұп-тура бір жылда бірнеше сарбаздың өліміне жол беріп, қол астындағы қызметкерлері парамен ұсталып отырған Руслан Жақсылықовты "отставкаға кетсін" деп жатқандар баршылық. Бұған не дейсіз, оқырман?

Жауап нұсқалары:

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір