• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Ақпан, 14:48:59
Алматы

2023 жылғы наурыздан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы 60 пайызға жуық артады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысынан кейін хабарлады.

Министрдің мәліметінше, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қаңтар мен ақпан айларында жалақыны бұрынғыша алып, наурызда алдыңғы екі айдікі қосылып жоғырылатылған жалақы беріледі.

Қазіргі уақытта ең төменгі лауазымдағы қызметкер 110 мың теңге жалақы алады. Наурыздан кейін бұл – 180 мың теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ министр жыл сайын өрт сөндіру-құтқару қызметі техникасы біртіндеп жаңара түсетінін жеткізді. Қазіргі уақытта ТЖМ балансында 20 жылдан астам қызмет еткен 580 техника бар. Бұдан бөлек өрт сөндірушілерге саты, көтергіш құралдары секілді қажеттіліктер үшін ведомство бюджеті нақтыланатын болады.

Дереккөз: КазТАГ сайты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір