• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:44:54
Алматы
+35°

Орталық Азия үкіметтерінің оппозицияны басу үшін интернетті жауып тастайтын әдеті бар. Бұл ұлттық экономикаға миллиондаған доллар зиян келтіреді. 2022 жылы Қазақстан 410,3 млн АҚШ долларын жоғалтып, интернетті жоғалтудан келген шығын бойынша әлемдегі «көшбасшылар» үштігінің қатарынан көрінді.

Екінші орында Иран. Ондағы интернетті өшіруден 773 млн АҚШ доллары шығын болды. Ал Ресей интернетті өшіремін деп 21,59 млрд АҚШ долларын жоғалтты.

Жалпы былтыр 23 ел интернетті өшірген. Мұндай деректер Top10VPN талдаушылары жүргізген және осы жылдың қаңтарында жарияланған зерттеуде көрсетілген.

Есепке сонымен қатар Қырғызстаннан басқа Орталық Азияның барлық елдері кірді. Қырғызстанда ғана ауқымды түрде интернет өшірілмеген.

Қазақстанда интернет негізінен 2022 жылдың қаңтарындағы наразылықтарға байланысты өшірілді. Наразылық сұйытылған газ бағасының күрт көтерілуінен кейін бейбіт шерулер ретінде басталды, бірақ бірден бүкіл ел бойынша үлкен қақтығыстарға ұласты.

"4 қаңтарда билік мобильді интернетті шамамен бір тәулікке өшіріп тастады, содан кейін бес күн бойы, кейде бір уақытта 24 сағатқа дейін интернет қосылмады" делінген зерттеуде.

2022 жылы «қанды қаңтар» оқиғалары және басқа да оқиғалар кезінде интернет өшірілген жалпы уақыт 144 сағатты құрады. Қазақстан бойынша 16 млн-ға жуық интернет пайдаланушысы одан зардап шекті.

Дереккөз: ranking.kz

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: интернетті бұғаттау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір