Арнайы авторлық бағдарлама арқылы білім беру орталығы бүгінге дейін 2 мыңнан аса адамды оқытыпты. Бұл қатарда күнделікті қолданыс үшін тіл үйренемін дегендерден бөлек, академиялық сөйлеуді меңгеру үшін келетін жан көбейген.
Орталықта қазақ тілімен бірге қазақ мәдениетін дәстүрлі түрде тереңдетіп оқытады.
«Басында қазақ тілін жақсы білмейтінмін. Екі айдың ішінде өзгеріс бар. Достарыммен қазақ тілінде сөйлесе бастадық. Олар да үйреніп қалды», – деді білім алушы Сәкен Құрғанбаев.
Орталық қазақ тілін үйретуге негізделген. Дегенмен, орыс және ағылшын тілі курсы да бар. Білім алушылар жеке оқиды. Ал, топтық құрам көбіне практикалық тапсырмаларды орындайды. Айта кету керек, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық танытатындардың ішінде шетел азаматы көп.
«Қазақ тілін үйренуге ниет танытқандардың басым бөлігі – орыс ұлты. Басқа ұлт өкілдері де бар. Кәрістер оқиды, Берлиннен келген студент қызымыз, Америкадан ұлымыз бар. Сондықтан әртүрлі ұлт өкілі оқиды деп айтсақ болады», – деді Білім беру орталығының оқытушысы Айша Әбдірахманқызы.
«Білім беру орталығының негізігі мақсаты – қазақ тілін дамыту. Мемлекеттің саясатына, Президенттің халыққа Жолдауына сай қазақ тілін дамыту үшін аштық. Сондай-ақ орыс тілі, ағылшын тілі қосымша оқытылады», – деді білім беру орталығының директоры Мұқият Қағбат.
Пікір қалдыру
пікір