"Қаңтар оқиғасынан соң қамауға алынған": Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

/image/2023/01/27/crop-1_10_436x774_photo_109167.jpeg

Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұрлан Ноғаев облыс активіне кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілген әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Маңғыстау облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жұмабай Қарағаев былтыр қаңтар айында энергетика вице-министрі қызметінен босатылып, ұзамай Маңғыстаудағы газ бағасын көтеру бойынша тергеу аясында ұсталып, қамауға алынған. Бірақ қылмыс құрамының болмауына байланысты оған қатысты іс тоқтатылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар